Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша коронавирустық инфекцияға және вирустық пневмонияға қатысты жағдай күрделі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыста пневмония ауруы кең таралуда. Бүгінгі таңда 1000-нан аса науқас ем алып жатыр, оның ішінде 60 адам ауыр жағдайда, 35 адамның жағдайы өте ауыр. Күніне орташа есеппен пневмония ауруы бойынша 300–ге жуық адам шағымданып, соның ішінде 200-ге жуық адам ауруханаға жатқызылуда. Алайда, соңғы күндердегі мәліметке сәйкес науқастар санының төмендеуі байқалуда, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 217 адам (симптомсыз – 720 адам) тіркеліп отыр. Емделіп шыққандар – 678 адам.