«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты Баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы ашық халықаралық конкурс туралы
ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ) қызметкерлерінің арасында Конкурс номинациясына сәйкес ашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
1.2. Конкурс номинациясы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
1.3. Конкурстың мақсаты:
– қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;
– халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету;
– баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
– халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
– Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
1.4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал» (телевизиялық очерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, әлеуметтік желілерде хабарламалар);
5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған материалдар).
1.5. Конкурстың өткізілуі туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылар-дың https://presidentlibrary.kz, https://fpp.kz сайттарында жарияланады.
1.6. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтында және YouTUBE порталында (арна: ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасы кітапханасының қызметі туралы бейнематериалдар орналастырылады.
2. НОМИНАЦИЯЛАРДЫҢ СЫЙАҚЫ КӨЛЕМІ
2.1. Конкурстың сыйақы қоры 11 000 000 теңгені құрайды. Номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:
«Үздік телевизиялық материал»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Үздік радиоматериал»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Ғаламтордағы үздік жарияланым»
1 орын – 1000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
2.2. Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгі, диплом, куәлік, ақшалай сертификат пен ақшалай сыйақы беріледі.
3. КОНКУРСТЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ШАРТТАРЫ
3.1. Конкурсқа 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
3.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері 2020 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында сканерленген форматта presidentlibrary.pr.kz@gmail.com поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: +7 (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.
3.3. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:
- қоса жалғанған нысанға сәйкес өтінім-сауалнама;
- конкурстық жұмыс;
- жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- БАҚ басшысы растаған жұмыс орнынан анықтама;
- аталған БАҚ-та материалдың жарияланғаны туралы эфирлік анықтама.
3.4. Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
3.5. Автор (авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларына Конкурсқа ұсынған жұмыстарын БАҚ орналастыруға автоматты түрде келісімін береді.
3.6. Конкурстық жұмыстарды ұсыну үлгісі:
– телевизиялық өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген дискідегі бейнесюжет;
– радиохабар өнімі-дискідегі аудиожазба және трансляциялау фактісін растайтын құжат;
– мерзімді баспасөз өнімі – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген мақаланың сканерленген электрондық данасы;
– БАҚ ғаламторындағы өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген «Word» форматындағы жарияланымның электрондық нұсқасы.
3.7. Конкурстық жұмыстар көлемі бойынша шектелмейді.
3.8. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):
– конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;
– шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
– жұмыс мазмұнының тереңдігі;
– орындаудың техникалық деңгейі (оның ішінде инфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
– жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдау.
3.9. Конкурстың жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.
3.10. Автор (авторлар ұжымы) Конкурстық жұмыстың мазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
3.11. Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.12. Конкурс ұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін, авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
3.13. Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлықтар бермеу құқығын, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлу құқығын өзіне қалдырады.
3.14. Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
4. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ
4.1.Конкурс қорытындысын Конкурс комиссиясы шығарады.
4.2. Конкурс өтінімдері сканерленген форматта 2020 жылғы 1 маусым мен 20 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады.
4.3. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау 2020 жылғы 25 қарашаға дейін өткізіледі.
4.4. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты
Баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы
ашық халықаралық конкурсқа қатысуға
ӨТІНІМ - САУАЛНАМА
Қатысушының тегі, аты-жөні (толық):____________________________
Туған күні, айы, жылы_______________________________________
Жұмыс орны, лауазымы:_________________________________________
________________________________________________________________
Номинация:_____________________________________________________
Конкурс жұмысының атауы:_____________________________________
Конкурс жұмысының (аудиовизуалды) ұзақтығы:__________________
Конкурс жұмысының шығарылған мерзімі:________________________
Байланыс телефондары:__________________________________________
Электрондық мекенжайы:________________________________________
Пошта мекенжайы, индексі:______________________________________
Конкурсқа қатысу шарттарымен келісемін:
_________________ (______________________________)
қолы АӘТ2020 жылғы «____» ___________________
Ескерту: Өтінімнің барлық бағанын толтыру міндетті.