Жаңаөзен қаласында Covid-19 індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды. Ол 1942 жылғы Жаңаөзен қаласының тұрғыны. 78 жастағы әйел адам 20 маусым күні жедел жәрдем қызметімен инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Науқастың өмірі үшін дәрігерлер 3 күн бойы күресіп, өкінішке қарай аман алып қала алмады. Арнайы комиссия мүшелері марқұмның Covid-19-дан қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды МО ҚКО.
23.06.2020 ж. жағдай бойынша Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық госпиталінде 9 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметі бойынша екеуінің жағдайы ауыр, 7 науқастың жағдайы орташа ауыр.