Жаңаөзен қаласында 15 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін пневмония диагнозымен 109 науқас тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
76 науқастан короновирус иянфекциясы анықталған жоқ. Ал қалған 33-нен ПТР сынамасы алынып, олардың нәтижелері күтілуде. Бұл науқастардың барлығы қазір провизорлық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Орын жетіспегендіктен қалалық аурхананың терапия, кардиология мен неврология корпусы пневмониямен ауырғандарға берілді. Дәрігерлердің айтуынша, төрт науқастың жағдайы — ауыр, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.