Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында қоғамдық орындарда қараусыз жүрген сиырлар қамалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сиыр иелері Маңғыстау ауылы әкімдігінің 46-52-55 немесе 8 702 289 75 75 байланыс телефонына хабарласуы керек.
Қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын ауыл аумағындағы коммуналдық мекемелерге қамап, иесі табылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246 бабына сай коммуналдық меншікке өткізілетінін ескертеміз! Мұнайлы ауданы аумағында жануарларды асырау Қағидасын бұзғаны үшін жануардың иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 406 және 505 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз, - деп жазады Мұнайлы ауданының әкімдігі.