Қазақстанда өткен тәулікте 183 адамнан коронавирус індеті анықталды. Өсім 1,5% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәулік ішінде жаңа жағдайлар келесі өңірлерде тіркелді:
Нұр-Сұлтан қаласында - 38 (1,6%)
Алматы қаласында - 29 (1,0%)
Қарағанды облысында - 24 (2,2%)
Батыс Қазақстан облысында - 21 (2,7%)
Павлодар облысында - 15 (6,2%)
Ақтөбе облысында - 13 (3,4%)
Шымкент қаласында - 10 (1,1%)
Шығыс Қазақстан облысында - 8 (4,5%)
Атырау облысында - 6 (0.5%)
Қызылорда облысында - 5 (1,1%)
Алматы облысында - 4 (0.9%)
Түркістан облысында - 3 (0.8%)
Қостанай облысында - 2 (1.0%)
Маңғыстау облысында - 2 (0,6%)
Жамбыл облысында - 2 (0,5%)
Ақмола облысында - 1 (0,6%)
Сондай-ақ 6 мамыр күні инфекцияны жұқтырған 232 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 12694, оның ішінде 7135-і жазылды, кайтыс болды - 53.