Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев мәлімдеді.
Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында 1 маусым күнінен бастап жеңілдетілетін карантиндік шаралар және жұмыстарын жандандыратын бірқатар кәсіпкерлік нысандарының тізімі жасақталды. Атап айтатын болсақ:
- Спорт залдардағы спорттық жаттығуларға жұмыс регламентін шектеусіз, ғимарат ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып рұқсат етіледі;
- Қоғамдық тамақтану орындарына, кафелер мен ресторандарға (тойханаларды қоспағанда) 50 отыратын орыннан асырмай, эпидемияға қарсы шараларды және ара қашықтықты қатаң сақтай отырып сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
- Жағажай және демалыс базалары эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып жұмыстарын бастайды;
- Қоғамдық моншаларға және СПА орталықтарына ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі;
- Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 9:00 – 22:00 аралығында қызметтерін жалғастырады. Бірақ, кинотеатрлар мен балалардың ойың алаңдарына және мұз айдындарына уақытша рұқсат етілмейді.