Бұл туралы МО ҚКО хабарлады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің бір қызметкерінен коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты әкімдік күшейтілген карантиндік режимге көшті. Атап айтқанда, қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмыс істеуге көшті, әкімдік ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді, келушілерді қабылдау шектелді.
Қызметкер коронавирусты жұбайынан жұқтырған, делінген хабарламада. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған барлық адамдар дәрігерлік бақылауда.
Сондай-ақ науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.