1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні аясында Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мерекелік шара ұйымдастырды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Каспий жағалауына жиналған балаларға ертегі елінің кейіпкерлері көңілді кеш сыйлады. Әннен шашу шашылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Сүйікті кейіпкерлерімен флешмоб билеген балақайлардың жүзіне күлкі ұялады. Кеш соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ертегі әлемінің кейіпкерлерімен қимай қоштасты. Балаларға көңіл күй сыйлауға тырысқан ұжым осылайша мерекені ажарландыруға тырысты.
Айта кетейік, шараға қатысқан балалардың ата-аналарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы айтылып, жадынамалар таратылды.