Науқас - 2013 жылы туған қыз бала, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандықтан, одан сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
21.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 164 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 34;
Жаңаөзенде – 25;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 64;
Жазылып шыққаны – 71;
Қайтыс болған – 1.