Бүгін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлімшесінен коронавирус індетінен 2 адам емделіп шықты. Олар Қарақия ауданы, Сенек ауылының 2006 жылғы және Жаңаөзен қаласының 2013 жылғы тұрғындары. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі қыз 29-30 сәуір күндері COVID-19 індетінің белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Науқастар барлық ем-шараларын алып, бекітілген алгоритм бойынша 14.05.2020ж. олардан соңғы рет талдау нәтижелері алынып, бойларында вирустың жоқтығы белгілі болды. Дәрігерлердің мәліметтері бойынша 2 қыз баланың жағдайы жақсы.
Қазір Жаңаөзен қалалық ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан әлі 19 адам бар. Олардың төртеуі ертең ауруханадан шығарылады деп күтіліп отыр.