Бүгін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлімшесінен коронавирус індетінен 2 азамат емделіп шықты.
Олар Қарақия ауданы Сенек ауылының 2001 жылы туған тұрғыны мен Жаңаөзен қаласының 2003 жылғы тұрғыны. Екі азамат 28.04.2020 ж. COVID-19 індетінің белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Науқастар барлық ем-шараларын алып, бекітілген алгоритм бойынша 11.05.2020 ж. олардан соңғы рет талдау нәтижелері алынып, бойларында вирустың жоқтығы белгілі болды. Дәрігерлердің мәліметтері бойынша 2 азаматтың жағдайлары жақсы.