Құрметті медбикелер!
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Өздеріңізді қашанда денсаулық қорғаны, халық жанының сақшысы, мейірім мен ізгілік жаршысы ретінде құрметтейміз. Әрбір науқастың аман-есен өз отбасына оралуы денсаулық сақтау мамандарының табанды еңбегінің жемісі деп білемін. Төрткүл дүниеге тосыннан төнген қатерлі індетке қарсы арпалыстың алдыңғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымыз зор! Халыққа қалтқысыз еңбек еткен қайырымды жандарға деген құрмет әркез айрықша болмақ. Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов