Соңғы үш күнде аймақта коронавирус инфекциясынан 3 адам жазылып шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Үшеуі де Ақтаудағы облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдаған. 3 сәуір күні вирус анықталған қызылордалық ер адам 34 күннен соң 7 мамыр күні ауруханадан шығарылды. Ал Ақтау қаласының 1999 жылғы тұрғыны (қыз бала) мен 1991 жылғы тұрғыны (ер адам) 9 мамыр күні үйіне шығарылды.
Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың 13-і ересек адам, 1-еуі бала.