Бүгін Маңғыстау облысынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмектің екінші легі жіберілді.
Өңірден жалпы есептегенде 70 тоннаға жуық жүк тиеген 2 фура, 14 газель автокөліктері жолға шықты. Оның ішінде ұзақ сақталатын азық-түлік, киім-кешек, төсек-жабдық, дәрі-дәрмек және гигиеналық құралдар бар. Жалпылай алғанда екі күнде киелі Маңғыстаудан 77,5 тоннаға жуық жүк жөнелтілді.