Ол Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны, әйел адам. Кеше осы ауылда тіркелген екі науқаспен байланыста болған. Дене қызуы көтеріліп, Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Барлық жағдай бойынша науқастармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы ауылдағы науқастардың үйлері дезинфекцияланып жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
28.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 31 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді:
Ақтауда – 17;
Жаңаөзенде – 4;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 3;
Жазылып шыққаны – 7;
Қайтыс болғаны – 1.