Бүгін Жаңаөзен қаласында коронавирус індетінен 2 адам емделіп шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Олар 1974 жылы туған әйел адам мен оның 11 жастағы қызы. Естеріңізге салсақ, 1974 жылғы әйел адам 08.04.2020 жылы коронавирус ауруының белгілерімен тіркелген еді. Ал, қызы Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухананың инфекциялық бөлімшесіне ертесіне түскен болатын. Барлық протоколдық емдеу шаралары қолданылды. Соңғы екі рет тапсырған талдау нәтижелері олардың бойында вирустың жоқтығын дәлелдеді. Дәрігерлердің мәліметі бойынша анасы мен қызының жағдайы жақсы. Ауруханадан шығарылды.