Бүгін "Біз адамбыз- біз біргеміз" қоғамдық қоры кезекті қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында 50 көпбалалы отбасына азық- түлік таратты. Оның ішінде Ақтау қаласы және маңындағы елді-мекендер тұрғындары бар. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Акцияны өткізуге бізге: "Altyn Food" азық-түлік дүкендерінің желісі, Хитеш Вододария Чандра, жас мамандар кеңесі, Маңғыстау облысының мұнай компаниялары,Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы, "Энергетикалық" колледжінің студенттері көмектесті. Және ащық- түлік алуға көмектескен барша Ақтау қаласының тұрғындарына алғыс айтамыз! Бізбен бірге болғаныңызға рахмет", дейді қор директоры Иман Досмұхамбетов.
Құрметті қала тұрғындары, егер қандай да бір көмек көрсетіп, игі іске өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, мына номерге хабарласыңыз: 87028210650.