Бұл туралы Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешіті мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен тағы бір ізгі шара болып өтті. Бүгінгі таңда елдегі жұқпалы індетпен күресте кәсіби шеберлік пен шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп, ерен еңбек етіп жүрген облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мен Ақтау көшелерінің айнадай таза болуы үшін тер төгіп жүрген тазалық сақшыларын түскі аспен қамтамасыз етті.
Мешіт қызметкерлері мен еріктілер 100 жанға ыстық ас дайындап, қиын да жауапты кезеңде талмай еңбек етіп жүрген мамандық иелеріне жоғары көңіл күй сыйлады.