Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев айтты.
"Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын гипермаркеттер мен базарларға адамдар өте көп келіп жатыр, бұл жағдай біздерді алаңдатады және қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ұшықтыру мүмкін. Құрметті қала тұрғындары, аса қажетсіз гипермаркеттер мен базарларға барудан бас тартуыңызды сұраймыз. Тұрғын үйлеріңіз қасындағы дүкендер жеткілікті, ішіндегі ассортименттердің түрі бар. Бос себепсіз жүрулеріңізді тоқтатыңыз! Бір-біріңіздің, жақындарыңыздың денсаулықтарын ойлаңыз және осы уақытта қиыншылық пен азапты көріп отырған шағын бизнестердің өкілдері. Себебі мыңдаған кәсіптер тоқтады, табыстарынан айрылды, қызметкерлері жалақысыз қалды, мемлекетке салықтары азайды. Егер де тұрғындар осылай жүре беретін болса карантин мезгілі ұзара беретін болады және кәсікерлердің жағдайы өте күрделенеді", деді ол.
Cонымен қатар ол 20 сәуірден кейін жағдай тұрақты болатын болса, тоқтатылған кәсіптерге рет-ретімен мүмкіндік беруді ойластырып жатқанын айтты.
"Сондықтан бәріміз қатаң тәртіп сақтап, үйде отыруымыз қажет. Бір бірімізге қолдау болып, бір бірімізге үлгі болайық ағайын. Сөз соңында халқымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина ұйымдарының қызметкерлеріне, полиция қызметіне және барлық ерікті топтарына, демеушілік көрсетіп жүрген барша жандарға ерекше алғысымды білдіремін», деді МО ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев.