Облыста коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында бірқатар шектеу шаралары енгізілді
[ 2020 ] 28 наурыз, 18:48 | Жаңалықтар
Бұл туралы Облыстық ақпараттық қызмет хабарлады.
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді:
- Халықтың қозғалысына, сонымен, қатар қоғамдық көліктің қозғалысына 2020 жылдың 30 наурызынан 19.00 ден 08.00 сағатқа дейін эпидемияға қарсы режим бойынша шектеу қойылды.
- Тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына шектеу қойылады ( тек ерекше қажеттілік болғанда ғана -дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі). Көршілердің, туыстардың, әріптестер және т.б бір-біріне баруы шектелсін.
- Азаматтардың қоғамдық орындарға: саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңқайлары және т.б. баруына шектеу қойылсын.
- Әуе және темір жол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылсын.
1760
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.