Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Бүгін жыл сайын ұйымдастырылатын "Жер сағаты– 2020" экологиялық акциясы өтеді. "Жер сағаты" наурыздың соңғы сенбісі күні өтетін және халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
Акция жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 - 21.30 аралығында өтеді.
Жобаға 2007 жылдан бері әлемдегі мыңдаған ең танымал орындар - Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Рим Колизейі, Барселондағы Әулиелер тобы храмы, Рио-де-Жанейродағы Христос мүсіні, Ұлы Қытай қорғаны, египеттік пирамидалар, Эмпайр-Стейт Билдинг және Бурдж-Халифа сияқты ғимараттар да қатысады.