Бұл туралы Гүлмира Әбішева өзінің фейсбук парақшасында жазды.
"Құрметті, маңғыстаулықтар! Ватсап әлеуметтік желілерінде Ақтауда коронавирус жұқтарғандардың тіркелгендігі туралы аудио жазбалар көбейіп кетті. Ча-Кур клиникасынан шығыпты, мына жерден шығыпты деген қауесет тарап жатыр. Ақпараттық штаб өкілі ретінде дәл қазіргі уақытта ешқандай инфекцияның ресми тіркелмегенін мәлімдеймін. Облыстың бас санитары мен бас дәрігері желдей ескен қауесетті жоққа шығарды. Қандай жағдай болмасын ресми түрде мәлімдейді. Жалған ақпаратқа бой алдырмауларыңызды, тек ресми ақпараттарға жүгінулеріңізді сұраймыз! Бірақ қауіптің барын жасырмайды мамандар. Вирустан аман қалудың ең тиімді жолы - үйде отыру!", делінген ақпаратта.