Маңғыстауда тұрғындар «Пекин-Париж» авторалли қатысушыларын Әзербайжан елінің Баку қаласына шығарып салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрәділ Иманғалиевтың айтуынша, авторалли қатысушыларына өңір табиғаты ерекше ұнаған. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты өлкенің көрікті жерлерін түгел аралауға мүмкіндік болмаған.
- Маңғыстау түбегінің тұмса табиғаты көз тартатыны баршаңызға белгілі. Өкінішке қарай, 27 шет елдің қатысушыларына көрікті жерлерімізді көрсетуге мүмкіндік болмады. Сол себепті өзіміздің салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында ұлттық нақыштағы киімдерімізбен, әсем әннің сүйемелдеуімен және ұлттық тағамдарымызбен қонақтарымызды әуежайда шығарып салуды жөн көрдік. Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға Маңғыстауға бөлек саяхат жасауды ұсындық. Біз қонақтарды әрдайым жылы шыраймен қабылдауға дайынбыз, - деді Нұрәділ Иманғалиев.
Айта кетейік, «Пекин - Париж» раллиінің қатысушылары Маңғыстау аумағына 5 маусым келген болатын.