© ФОТО: МО соты
Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталды. Ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне Жоғарғы сот растады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Растаймыз, – деген жауап келді Жоғарғы соттан.
Журналист Михаил Козачков судьяның 18 миллион теңге алған жерінен ұсталғанын хабарлайды. Оны ұстау үшін Жоғарғы соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі мен Антикор жұмыс істеген.
– Осы ақшаға Ақтаудың бас биі экономикалық қылмыс жасады деп айыпталған сотталушылардың жазасын жеңілдетуге уәде берген, – деп жазады ол.
Журналистің жазуынша, Шайдуллиннің бұрын шығарған үкімдері де күмәнді. Мәселен, ол 185 келі марихуаннамен ұсталған адамды бір жарым жылға ғана соттаған.