Есенов университеті Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (ТИКА) бірлесе «Түрік тілі» кабинетін ашты. Осы орайда университетіміздің «Туризм және тілдер» факультеті жанындағы «Түрік тілі» орталығына Түркия елінің Юнус Эмре мәдени институтының маманы Мұстафа Кайыхан арнайы 1 жылға қызметке келіп, түрік тілін оқытуға кіріскен болатын.
Сонымен қатар, биыл алғаш рет «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылатын екінші шет тілі ретінде түрік тілі француз тілімен бірге таңдау тілі болып есептелінетін болды.
Университетіміздің «Халықаралық қатынастар», «Шет тілі: екі шет тілі» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ білім алушыларына арнайы өткізілетін түрік тілі курстарының оқыту жүйесі Ортақ еуропалық тіл нұсқауларына сәйкес құрылған.
Аталмыш түрік тілі сабақтары барысында төрт негізгі тіл дағдыларына (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу бірдей мән беріледі.
Тілдерді оқыту Еуропалық тіл портфолиосының критерийлеріне сәйкес анықталған А1, А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Пулатова Замира Төреқұлқызы
Ағылшын тілі оқытушысы