©
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы М. Әлбекова айтты.
2017-2018 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында 20 нысан жекешелендірілуі тиіс. Олардың 16-сы коммуналдық меншік бойынша, қалған 4 нысан – Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компания» акционерлік қоғамы бойынша жоспарланған.
2017 жылы барлығы 15 нысанды (коммуналдық меншік бойынша – 13 нысан, ӘКК бойынша – 2 нысан) жекешелендіру жоспарланып, нәтижесінде өткен жылы 6 нысан ғана жекеге өткен."Атап айтсақ, 25,9 млн теңгеге 2 нысан сатылды, 1 нысан сенімді басқаруға берілді, жойылуына байланысты 3 нысан аукционнан алынды. Қалған 9 нысан (коммуналдық қызметтер үшін - 7, ӘКК үшін - 2) аукционға қатысушылардың болмауына байланысты жарамсыз деп танылды", - деп атап өтті Марина Борисқызы.
Сонымен қатар М. Әлбекова өз сөзінде 2018 жылы 5 нысанды жекешелендіру қарастырылғанына тоқталды. Олардың 3-уі коммуналдық қызметтерге арналған болса, 2 нысан «Каспий» ӘКК бойынша көзделген.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ