©
Форт-Шевченко орталығындағы 1850 жылы Тарас еккен бір шыбықтан бастау алған бақ бүгінде қаламызға келетін қонақтардың ең бірінші аялдайтын сүйікті орыны. Кешке серуен құрған жастар мен бөбек жетектеген аналар да осында келеді. Жаз жақындап, көктем күні күлімдей берген сайын, бұл бақтан сая табатындар қатары көбейе түседі. Бөрікқарақат, акация мен итмұрын ағаштарының гүлдеп, түйнектері қызарып рең беретін шағы ертелеу болса да бақ ішінің иісі бұрқырап, көкорай шалғын көз тартып жатыр.
Мұнда қалаға қарасты мұражай кешендері орналасқан. Этнографилық, өлкетану мұражайы мен Тарас Шевченко атындағы мемориялдық мұражай осы саябақ ішінде тарих жүгін артып тұр. Жақыннан бастап, саябақ ортасынан аудандық ардагерлер үйі қоныстанып жатыр. Баталы сөзін арнар ардагерлеріміз үшін таптырмас орын саябақ нағыз демалыс орны. Әңгіме сейіл құрып, таза ауамен тыныстап, тынығатын бақ ішіндегі әр бұрыш тарихты тілге келтіреді.
Көк желекке оранған бақ ішінде жеңісті жақындатқандатқан, соғысқа аттанып, елге оралмаған 439 батыр бозадақтардың тізімі жасақталған мәңгілік алау алаңы орналасқан. Ескертікіш Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жаңартылды.
Суреттерді түсірген Милана ЕЛЕУСІНОВА