17 наурыз Шаңырақ күніне орай Түпқараған ауданының жас отбасылары мен жастары қазыналы қариядан бата алып, өнегелі әңгімесін тыңдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар Түпқараған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерінің «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, 2017 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаз отбасы Тәуірхан Қанжанов ақсақалдың шаңырағына арнайы құттықтап барды.
Отасқандарына 60 жылға жуық болған өнегелі отбасы өзінің ғибратты әңгімесімен бөлісіп, жастарға ақыл кеңесін берді. Бүгінде үлкен отбасы 9 ұл-қыз, 12 немере, 1 шөбере, 20 жиен, 16 жиеншар өсіріп отыр.
Жастар Тәуірхан ата мен Айсәуле анамыздың отбасылық өмірінен тамаша естеліктер тыңдап, Тәуірхан ақсақалдың ақ батасын алды.