Бейнеу әкімі Рахымжан Шалбаев 2 ананы «Алтын алқа» және 15 ананы «Күміс алқамен» марапаттады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімін өткізген аудан әкімі Рахымжан Шалбаев аналарды арнайы құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлестері үшін алғысын білдірді.
- Сіздер ауданымыздың демографиялық өсуіне ықпал ете отырып, ел тұтқасын ұстар болашақ ұрпағымызды тәрбиелеп келесіздер. Халқымызда «Алып анадан туады» деген сөз бар. Өздеріңіздей батыр аналарымыз барда жарқын елдің ертеңіне нық сенім орнайды. Мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосар азаматтарымыздың қатары көбейіп, ұлтымыздың өсімі артады, - деді аудан басшысы.