Алматыда «Bek Air» ұшағының апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық деснаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазір мендегі мәліметтерге сәйкес, 14 адам оқиға орнында қайтыс болған. 1 адам №4 клиникалық ауруханада қайтыс болды. Барлығы 15 адам қайтыс болды», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысы оқиға орнында қаза болғандардың денесі моргтерге жеткізілгенін айтты.
«Оқиға орнында қайтыс болғандарды Төтенше жағдайлар қызметі арнайы органдарға жеткізді. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - деді ол.