Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «МАЭК» ЖШС ұжымына кәсіпорынның жаңа бас директорын таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпорынның жаңа бас директоры болып бұрын «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-да басқарма төрағасы қызметін атқарған Қайрат Рахымов тағайындалды.
Қайрат Рахымов әр жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін «инженер-электрик», «құқықтану» және «инженерия магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС-де электромонтер болып бастаған.
2007 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облыстық басқармасында мемлекеттік монополияны реттеу және талдау бөлімінің жетекші маманы.
2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің электр және Жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаментінің тарифтік, Техникалық реттеу және әдіснама басқармасының Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі сарапшысы.
2009 жылдан 2010 жылға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері департаменті энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.
2010 жылдан 2015 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы.
2015 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінде директордың орынбасары.
2018 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры.
2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-да басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Өңір басшысы жаңа басшының тәжірибесі оған кәсіпорын алдында тұрған барлық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, энергия комбинатының жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.