Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мерекелік шара өтті. Іс-шарада аумақтық департамент басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Мендалиев Отан қорғаушылар күнінің жастарды партриоттық рухта тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталып өтіп, ұжым қызметшілерін айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ерлеген Мендалиев “Үздік ауыл әкімі” республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы, Мұнайлы ауданы Баянды ауылының әкімі Дастан Мураталиевке мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатты табыс етті. Сонымен бірге, облыстық прокуратурасының 50 жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің күміс жүлдегерлері, аумақтық департаментпен бір құрама командада өнер көрсеткен облыстың мемлекеттік органдарының бірқатар қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді. Марапат иелері аумақтық департамент басшылығына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, соңы Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі Екпін Толқынханның шағын мерекелік концертіне ұласты.