Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде жастарға бос жұмыс орындары ұсынылды. Іс-шара барысында өңірдегі мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субьектілері мен білім беру мекемелері өздерінің бос орындарын жоғары курс студенттеріне ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жәрмеңкенің ашылу салтанатында сөз алған аумақтық департамент басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Мендалиев “Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жоғары курс студенттері мен жұмыс беруші мекемелер арасында дәнекер болу, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметтегі соңғы жаңашылдықтарды студенттерге жеткізу”-деп атап өтті. Жыл сайын өтетін жәрмеңкеге департамент қызметкерлері белсенді қатысып, тестілеуден өту талаптары, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі бойынша жастарға кең көлемде мағлұмат беруде.