Өңірдің «жүрегінің» атауы «МАЭК» ЖШС болып өзгерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылдың 28 желтоқсанында меншік иесінің ауысуына және атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілгенін хабарлаймыз. 100% жарғылық капиталға қатысу үлесі республикалық меншіктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС атауы және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қысқартылған атауы «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС және «МАЭК» ЖШС болып өзгертілді», - делінген энергокомбинаттың хабарламасында.
МАЭК баспасөз қызметінің мәліметінше бұл өзгерістер міндеттемелердің өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер етпейді. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС өңіріміздің игілігі үшін жаңа атаумен өз жұмысын жалғастырады.