Бүгін Ақтауда 25 шағынауданда болған жол апатынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің айтуынша, екі адам травматология бөлімшесіне жатқызылды. Тағы екі адам амбулаторлы емге жолданды.
Айта кетейік, жол апаты сағат 15:45 шамасында болған.