Жылдың соңғы айында қазақстандықтар 4 кәсіби және 1 мемлекеттік мерекені атап өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 желтоқсанда прокуратура қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтсе, 18 желтоқсанда энергетиктердің төл мейрамы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні 20 желтоқсанда болса, араға екі күн салып мұрағат қызметкерлерінің күні белгіленген.
Бұған дейін аталып өткен Тұңғыш Президент күні биылдан бастап мереке күндері қатарынан шығарылды. Ал 16 желтоқсанда жылдағыдай Тәуелсіздік күні аталып өтеді.
31 желтоқсан күнтізбе бойынша сенбіге келіп отыр. Бұл күні алты күндік жұмыс кестесіндегі мекеме ұжымдары үшін демалыс болмайды. Ал 1-3 қаңтар аралығында қазақстандықтар үшін демалыс күні болып белгіленген.