«Балалар жылы» аясында Ақтау қаласында мектепке дейінгі 3 - 7 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №6 арнайы балабақша ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
120 орынды арнайы балабақшада 9 топ жұмыс істейді. Балабақшаның материалдық-техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Нысанда аталған санаттағы балаларға оңалту, түзеу көмектерін көрсетіп, психологиялық қолдау жасайтын 6 арнайы кабинет жабдықталған. Олар: логопед, дефектолог, монтессори, емдік дене шынықтыру, ән-саз, массаж кабинеттері. Мекемеде 12 арнайы маман жұмыс істейді.