Жаңаөзенде орта мектептен өрт шығуына байланысты бүгін оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы №19 мектеп басшылығы мәлімдеді. Оқыстан болған жағдайға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар мектепке келмеген.
«Бүгін мектебімізде тоқ көзі ажыратылуына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылары онлайнға ауыстырылды. Тұйықталу болған электрщитіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді мектеп басшылығы.
Осыған дейін облыстық төтенше жағдай департаменті мектепте өрт шыққаны туралы хабарлаған болатын.
«Зардап шеккендер жоқ. 5 техника және 25 қызметкер жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.