Бұл жайлы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме бере отырып хабарлайды.
Аталған шара сотталғандарды рухани жігерлендіру, олардың тәртіп бұзушылықтарының алдын алу, қоғамға бейімдеу мақсатында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Қазіргі уақытта пробация есебінде 170-тен астам адам тұр. Пробация қызметкерлері есепте тұрғандарды күнделікті мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Әр түрлі шаралар өткізіп тұрады. Былтыр үстел теннисінен 4 жарыс өткен болатын. Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің бастығы Сәрсенхан Малыбековтың айтуынша, қателік жасап сотты болған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында олар әр түрлі спорттық іс-шараларға тартылады. Мұндай шаралар жастар орталығының және қала әкімдігінің қолдауымен жиі өткізіледі.