9 қаңтар жол қауіпсіздігiн сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары ең алдымен түсу/көтерілу бөліктерін, аялдамаларды, жаяу жүргінші жолдарын қардан тазалау жұмыстарын түнгі кезекшілікте жүргізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 10 жұмысшы, 2 құм шашатын көлік, 1 жүк тиегіш машина және 1 газель жұмылдырылды.
Айта кетейік, ауа райының өзгерістеріне байланысты 1500 тонн инертті материал (тұз+құмды-қиыршықты қоспа) алдын ала дайындалған.