Түпқарағанда 17 наурыз «Шаңырақ күніне» орай отбасылық құндылықтарды насихаттап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларды аудан әкімдігі арнайы құттықтады , деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Форт-Шевченко қаласы әкімдігі мамандары мен аудандық «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Акимжанов Данияр үлгілі отбасыларды арнайы құттықтай барып, көпке үлгі етті.
Маңғыстау Сисенбаев пен жұбайы Қаракөз Бектілеу 1984 жылы 6 қазанда отау құрған. Форт-Шевченко қаласының тумалары. Маңғыстау Еділұлы еңбек жолын 1984 жылы карьерде дәнекерлеуші болып бастап, әртүрлі мекемелерде абыройлы қызмет атқарған. 2004 жылдан бастап қазіргі таңға дейін КОСМИ компаниясында жұмыс істейді.
Жұбайы Қаракөз Төлепбергенқызы 1981 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта Ребкобта, 2005 жылдан 2015 жылға дейін Түпқараған аудандық орталық ауруханада қызмет атқарған. 2015 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Бүгінде 5 ұл-қыз тәрбиелеген ата–ана үлгілі отбасы. Биыл отау құрғандарына 40 жыл толған үлгілі отбасы барша жерлестерін наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына береке тіледі.