Бейнеулік 27 жастағы 3 баланың анасы Жәния Абдуллаеваны күйеуі де 29 қыркүйектен бері іздестіруде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күйеуінің мәлімдеуінше, жоғалған күні Жания "Бейнеу"-Ақтау бағытына темір жол билетін сатып алып, кейінірек телефон нөмірін өзгерткен.
- Сол күні әйелім жұмыста біреуді алмастыру керек еді. Өзі ауруханада санитар болып жұмыс істейді. Содан бері мен оны көрмедім. Ол телефонды өшірді. Полиция оның Ақтауға билет сатып алғанын анықтады. Басқа ақпарат жоқ. Екеуміздің ортақ үш баламыз бар - 5, 4, 3 жасар ұл мен қыз. Жақында хабарсыз кеткеніне екі айдың жүзі болады, - деді күйеуі.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматшаның қайда кеткені туралы мәліметі бар кез келген адамнан 102 нөміріне хабарласуы сұралады
-Жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілуде. Барлық қызметкерлерге хабарланды. Айрықша белгілері: бойы-шамамен 160-165 см, жалпақ мұрын, үстіңгі еріндегі мең. Қазақша сөйлейді. Үстінде: тізеге дейін сұр күрте, көк шалбар, қара етік, - деп хабарлады полиция.