Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығында Өзбекстанның Мемлекеттік Туы күнінің 31 жылдығына орай "Отан туы – қасиетті!" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға Маңғыстау облысындағы "Пахтакор" өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, мүшелері мен ақсақалдары, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқитын өзбек студенттері мен өңірдегі уақытша еңбек қызметімен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтары қатысты.
Басқосу басында Бас консул барлық отандастарын Мемлекеттік Тудың қабылданғанына 31 жыл толуымен құттықтап, Ту елдің мақтанышы әрі абыройының символы, мемлекеттің жоғары атрибуты екенін және әрбір патриоттыңжүрегінде оған деген терең сүйіспеншілік пен құрмет бар екендігін атап өтті. Өз кезегінде, дөңгелек үстелге қатысушылар Ту халқтың тарихи жады мен ұмтылысын бейнелейтінін, бейбіт және еркін өмірдің, жарқын болашаққа деген сенімнің жарқын көрінісі екенін айтты.