Сәбилердің 20-ұл, 15-і қыз бала. Ең көп сәби Ақтаудағы «Ана мен бала» орталығында дүние есігін ашты. Мұнда 22 наурыз күні 19 бала дүниеге келді. Оның 12-сі ұл, 7 қыз бала, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ең кіші салмақтағысы - 1890 грамм салмақпен туылған қыз бала. Ал ең үлкен салмақтағы - 5450 грамм ер бала.
«Барлық босану жағдайы жақсы өтті, аналар мен балалар өздерін жақсы сезінеді», - деп хабарлады орталық мамандары.