22 қаңтар күні Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында әкім сайлауы өтеді. Сайлауға қатысуға 3 үміткер тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда 3 үміткердің аты-жөндері белгілі болды. Қызылтөбе ауыл әкімдігінде бас маман болып қызмет ететін Наурыз Ахаев, қазіргі таңда Дәулет ауылы әкімінің міндетін атқарушы Жанболат Жақаев пен Маңғыстау ауылы әкімдігінің бас маманы Қонысбек Беков есімді үш үміткер де ауылдық округ әкімдігіне өзін-өзі ұсынған.
Бүгінде Дәулет ауылында 11 мыңнан астам халық тұрады. Елді-мекенде 2 орта мектеп пен 3 балабақша бар.