Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік органның қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру үшін жыл сайын ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Оған қатысқан оқушылар, мектеп түлектері, студенттер, сондай-ақ департамент қызметкерлерінің отбасы мүшелері өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Болашақта жоғары оқу орындарын бітірген соң мемлекеттік органға жұмысқа қалай орналасуға болады? Мемлекеттік қызметтің имиджінің мемлекеттік емес ұйым имиджінен айырмашылығы қандай? Осы тақілеттес сұрақтар студенттер мен түлектер тарапынан қойылды. Департаменттің қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Ишберген мемлекеттік органға жұмысқа қалай орналасу туралы және мемлекеттік қызметтің имиджі туралы толық түсіндірді. Сондай-ақ департамент мамандары қатысушылардың өзге де сауалдарына толыққанды жауап беріп, акцияға келгендер ризашылық білдірді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА