Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы учаскелердің сайлауға дайындық процесін толық бақылайды. Барлық сайлау учаскесі қажетті материалдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірде барлығы 8 аумақтық сайлау және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 83 сайлау учаскесі облыс орталығында орналасқан.
Сайлау комиссияларының құрамына 1 765 адам жұмылдырылды. Облыстағы сайлаушылар саны 411 103 адам.
Президенттік сайлауда дауыс бергісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сайлау учаскелерінде қажетті керек-жарақтармен жабдықталған арнайы кабиналар дайындалды.
Сайлау учаскесінің мекенжайын білудің бірнеше жолы бар.
Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен «109» call-орталығының қысқа нөмірі арқылы білуге болады.
Екіншіден, сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты мекен-жайыңыз туралы хабарлау арқылы біле аласыз. Үшіншіден, Kaspi.kz және Halyk мобилді қосымшалары арқылы да білуге болады.