Маңғыстау облысында жыл басынан бері 17389 нәресте дүниеге келді. Соның ішінде облыстық «Ана мен бала» орталығында 7543 бала дүниеге келді, бұл көрсеткіш облыс бойынша 42,8% құрайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық «Ана мен бала»перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова мәлім етті деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Спикердің айтуынша, 2023 жылдың 10 айында Маңғыстау облысы бойынша аналардың физиологиялық, асқынусыз босану көрсеткіші 18% құрайды. Ал, облыс бойынша 2023 жылдың 10 айында тіркелген критикалық жағдайларда болған аналар саны – 77. Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша 177 егіз, 3 үшем дүние есігін ашты.
Орталықта мерзімінен бұрын туылған нәрестелер саны-1763. Оның ішінде дене салмағы 1 келіге дейін – 55 нәресте, 1.5 келіге дейін –65 нәресте дүниеге келді.
- Жалпы былтырмен салыстырғанда бала саны өскен. Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда келе жатыр. Бірақ, денсаулығы төмен науқас балалар да дүниеге келді. Тірі туылғандардың ішінен 229 (қатаң есептегі -53) бала туа біткен немесе көптеген ақаулары бар және 15 бала хромосомалық аурумен дүниеге келді,- деді Жапырақ Епенова.
Айта кетейік, басқа сұрақтар туындаған жағдайда осы номерге хабарласа аласыздар: 8(705) 748-24-60