Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
12 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік- шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ақтауда оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.